«Central Asia's Got Talent» интернационалдық жобаның кастингіне қатысу туралы» оферта-шарт

1. Жалпы ережелер

1.1.  «Central Asia's Got Talent» интернационалдық жобаның кастингіне қатысу туралы» оферта-шарт (бұдан әрі мәтін бойынша –«Шарт») Қазақстан Республикасы «Telemasters.kz» ЖШС-мен (бұдан әрі мәтін бойынша – «Жоба үйлестірушісі») өткізілетін конкурсқа- «Central Asia's Got Talent» интернационалдық жобасына қатысуға арналған кастингке қатысуға өтінімдерді беру шарттары мен тәртібін анықтайды, ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабына сәйкес Жоба үйлестірушісінің Шарттың талаптарына сәйкес Конкурсқа кастингке қатысу мүмкіндігін беру туралы жеке тұлғаларға (бұдан әрі мәтін бойынша – Қатысушылар) арналған жария офертасы болып табылады.

1.2. Шарт мәтіні бойынша бірге аталған кезде Жоба үйлестірушісі және Қатысушы «Тараптар» деп, ал әрқайсысы жеке «Тарап» деп аталады.

1.3. Әр Тарап басқа Тарапқа қажетті құқықтық және әрекетке қабілеттілікке, сонымен бірге Шарттың талаптарына сәйкес оны жасасу және орындау үшін қажетті және жеткілікті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екеніне кепіл береді.

1.4. Шарттың қолданыстағы редакциясы тұрақты негізде мына мекен-жай бойынша: «www.centralasiagottalent.com» Жоба үйлестірушісінің сайтында орналастырылған және акцепті жасау сәтіне дейін Қатысушымен танысу үшін міндетті.

1.5. Жоба үйлестірушісі Шарттың мазмұнын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Жоба үйлестірушісі өзгерістерді Қатысушыға алдын ала мәлімдеусіз енгізе алады. Шарттың мазмұнына енгізілген өзгерістер оларды Шартты тұрақты орналастыру мекен-жайы бойынша шарттың жаңартылған мәтіні түрінде жариялаған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

 1.6. Конкурс кастингін өткізу мекен-жайы болып Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы табылады, ал «centralasiagottallent@gmail.com» Конкурс кастингі электрондық поштасының мекен-жайы болып (бұдан әрі мәтін бойынша – Мекен-жай) табылады.

 

2. Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар

Жоба ұйымдастырушылары – «ХАБАР» телеарнасы (Қазақстан Республикасы), «Telemasters.kz» ЖШС (Қазақстан Республикасы), «ЗОР ТВ» (Өзбекстан Республикасы), «КТРК» (Қырғыз Республикасы), «САФИНА» (Тәжікстан Республикасы).

Қатысушы – Конкурс кастингіне қатысушы:

1) он сегіз жасқа жеткен адам;

2) он сегіз жасқа толмаған адам тек кәмелетке толмаған адамның ата-анасымен, немесе оның заңды қамқоршысымен, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның заңды мүдделерін білдіретін және кәмелетке толмағанның Конкурс кастингіне қатысуы үшін, сонымен бірге материалдың мазмұнына және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жауапкершілікті өзіне қабылдайтын өзге адаммен бірге ғана қатыса алады.

Сайт – Конкурс кастингінің барлық ресми ақпараты орналастырылған бағдарламалық-аппараттық кешең.

 

3. Шарттың мәні

3.1. Шарт Жоба үйлестірушісінің Конкурсқа кастингке қатысуға өтінімдерді беру, қабылдау, өндеу талаптары мен тәртібін анықтайды. Конкурс кастингіне қатысуға өтінімдерді беру ерікті және тегін болып табылады.

3.2. Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының аумағында тұратын кез келген жеке тұлғалар, жас шамасы бойынша шектеусіз Конкурс кастингіне қатысушы бола алады.

3.3. Конкурс кастингінің ресми тілі – орыс тілі.

3.4. Конкурс кастингіне қатысу үшін өтінімдерді беру мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымды қоса алғанда.

3.5. Қатысушылармен Конкурс кастингіне жіберілген материалдар редакцияланбайды, рецензия жасалмайды және Қатысушыларға қайтарылмайды.

3.6. Конкурс кастингін өткізумен байланысты барлық оқиғалар туралы қатысушыларды хабардар ету Сайтта жүзеге асырылады. Сайтта кез келген ресми ақпаратты орналастыру хабардар етудің ресми тәртібі болып табылады. Сайтта ақпаратты жариялаған сәттен бастап әр қатысушы тиісті тәсілмен хабардар етілген болып саналады.

3.7. Әр Қатысушы Конкурс кастингіне қатысу ерікті екенін және Жоба үйлестірушісі авторлық материалдардың мазмұны үшін жауапкершілікті көтермейтінін және Конкурсқа кастингке қатысудан және/немесе конкурстың сайтын және/немесе оның сервистерін пайдаланудан ешқандай ерекше нәтижелерге уәде етпейтінін қабылдайды.

3.8. Конкурс үйлестірушісі Конкурс кастингіне кез келген қатысушыдан немесе телекоммуникациялық немесе өзге байланыс арналары бойынша ұйымдастыру комитетіне жүгінетін кез келген тұлғадан мыналарды талап етуге құқылы: жеке тұлғасын куәландыратын құжат; тіркелген мекен-жайы, дәл пошталық мекен-жайы, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін және/немесе Конкурс кастингін ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті  басқа құжаттар мен мәліметтер сканерленген көшірмелер немесе нотариалды куәландырылған құжаттар түрінде.

3.9. Қатысушы үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбауға міндеттенеді.

3.10. Шартпен анықталатын кастингке қатысудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін немесе қолданыстағы заңнаманы сақтамағаны үшін Қатысушы кастингтен растайтын құжаттарды ұсынусыз, сонымен бірге Конкурсқа қатысудың кез келген кезеңінде алынып тастала алады.

3.11. Қатысушыларды кастингтен алып тастауға негіздеме:

• Конкурс кастингіне қатысу ережелерін бұзу;

• Шартта және Сайтта аталған тәртіппен және мерзімде материалдарды ұсынбау.

 

4. Конкурстық өтінімді беру, өндеу

4.1. Кастингке қатысуға өтінімді толтыру кезінде Қатысушы мынаны көрсетуге міндетті:

4.4.1. Тұрғылықты елі;

4.4.2. Қатысушының жасы;

4.4.3. Қатысушының ТАӘ;

4.4.4. Байланыс телефоны;

4.4.5. Бейне/фото/аудио материал.

4.2. Конкурс кастингіне қатысуға өтінім барлық қажетті өрістер толтырылған және бейне/фото/аудио материал тіркелген жағдайда ғана қабылданады.

4.3. Кастингке қатысуға өтінім мыналар арқылы беріле алады: What’app, Telegram, Viber мессенджерлеріндегі және Facebook, Instagram, Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі онлайн-чат не centralasiagottalent@gmail.com электрондық пошта мекен-жайы бойынша.

4.4. Кастингке қатысуға өтінім тегін болып табылады.

4.5. Кәмелетке толмағанның атынан кастингке қатысуға өтінім ата-анасымен немесе заңды өкілімен толтырылады. Өтінімде кәмелетке толмаған қатысушының деректері көрсетілуі тиіс. Материалдар үшін, сонымен бірге Кәмелетке толмағанның Конкус кастингіне қатысуы үшін барлық жауапкершілікті ата-анасы немесе заңды өкілі көтереді.

 

5. Өтінімдерді өндеу

5.1. Барлық бейне/фото/аудио материалдар өтінімдерді берген қатысушылар туралы байланыс ақпаратпен бірге бірыңғай базада орналастырылады.

5.2. Бірыңғай базаға қолжеткізуге мыналар ие болады: кастинг-команда, продюсерлер командары (барлық 4 қатысушы-елдің), сонымен бірге техникалық сервис командасы «Reditus» ЖШС.

5.3. Барлық материал «Reditus» ЖШС техникалық сервистің серверінде шектелмеген уақыт ішінде сақталады.

5.4. Кастингке жіберілген материалдар қайтарылуға жатпайды.

5.5. Жоба үйлестірушілері қатысушылармен кастингке қатысу үшін берілген материалдарды үшінші тұлғалар пайдаланбайтынына кепіл береді.

 

6. Кастингке қатысуға өтінімдерді қарау

6.1. Жоба үйлестірушілері кастингке қатысушылардың тиісті өтінімдерін өз бетінше таңдау/іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

6.2. Жоба үйлестірушісінің Қатысушыға оның кастингке қатысуға өтінімінің мәртебесі туралы хабардар ету бойынша міндеті көзделмеген.

6.3. Жоба үйлестірушісі қатысушыға қызығушылық білдірген жағдайда, жоба үйлестірушісінің өкілі өтінімде көрсетілген байланыс деректері арқылы қатысушымен байланысады және оған одан арғы іс-әрекеттері туралы ақпаратты хабарлайды, сонымен бірге жобаның кезеңдері бойынша одан әрі өту үшін қосымша ақпаратты сұратады.

6.4. Конкурс кастингінен өтуге қабылданған өтінімдер қатысушылардың жобаның басқа турларына өтуіне кепілдік болып табылмайды.

 

7. Шартты жасасу тәртібі және қолданылу мерзімі

7.1. Шарт Жоба үйлестірушісі және Қатысушы арасында қосылу шарты нысанында (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-399 баптары) жасалады.

7.2. Қатысушының мына әрекеттердің ең болмаса бірін жасауы Шарт талаптарының акцептісі болып табылады:

- Жоба үйлестірушінің сайтында тіркеу нысандарын толтыру;

- Шарттың талаптарымен танысу және тіркеу нысанының тиісті өрісінде олармен келісуі туралы белгіні қою.

7.3. Шарт талаптарының акцепті Қатысушымен қандай да бір айырусыз және/немесе шектеусіз Шарттың барлық талаптарын толық және сөзсіз қабылдауын білдіреді және кастингке қатысу туралы екі жақты жазбаша шартты жасасуға тең.

7.4. Шарт талаптары акцептісінің мерзімі шектелмеген.

7.5. Шарт белгісіз мерзімге жасалған.

 

8. Шартты өзгерту және тоқтату

8.1. Тараптар Жоба үйлестірушісі Шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге құқығына ие деп келісті. Егер өзгесі Жоба үйлестірушісімен көзделмесе, Жоба үйлестірушісімен енгізілген өзгерістер олар Сайтта орналастырылған сәттен бастап Тараптар үшір міндетті болып табылады.

8.2. Шарттың талаптарын өзгертумен келіспеген жағдайда, Қатысушы Жоба үйлестірушісі Шарттың жаңа редакциясын Сайтта орналастырған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Жоба үйлестірушісімен белгіленген нысанда қағаз тасығышта қол қойылған өтініштің түпнұсқалы данасын Жоба үйлестірушісіне беру жолымен Шартты орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға құқылы.

8.3. Жоба үйлестірушісі Қатысушыдан Шарттың 8.2. тармағында белгіленген мерзімде Шартты орындаудан бір жақты бас тарту туралы жазбаша хабарламасын алмаған жағдайда, Қатысушы Шарттың талаптарын өзгертумен келіскенін білдірген болып есептеледі.

8.4. Шартты орындаудан бас тарту, Шартты бұзу, Шарттың қолданылуын өзге себептер бойынша тоқтату Қатысушының кастингке қатысуын тоқтатуға әкеп соғады.

8.5. Жоба үйлестірушісі Қатысушыға Шартпен көзделген кез келген тәсілмен тиісті хабарламаны жіберу жолымен Шартты орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда Шарт тиісті хабарламаны жібергеннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн өткен соң бұзылған болып есептеледі.

 

9. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Тараптар өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес жауапкершілікті көтереді.

9.2. Жоба үйлестірушілері кастингке қатысушылардың өтінімдерін қабылдау/ресімдеу кезінде жүйенің техникалық іркілістері үшін жауап бермейді. Бұл жағдайда барлық техникалық іркілістер форс-мажор мән-жайлары болып табылады.

9.3. Жоба үйлестірушісі мыналар үшін жауап бермейді:

9.3.1. Жоба үйлестірушісіне тәуелсіз себептер бойынша пайда болған және Қатысушымен Жоба үйлестірушісінің хабарламаларын уақытында алмауына немесе алмауына әкеп соққан не кастингке өтінімдерді қабылдау бойынша жүйенің іркілісіне әкеп соққан, пошта, Интернет, байланыс желілеріндегі іркілістер, техникалық іркілістер (электр қуаттану мен байланыс желілерінің сөнуі/бүлінуі, прессингтік орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуінің іркілістері);

9.3.2. егер Қатысушының дербес деректері туралы ақпарат тындау немесе оларды пайдалану уақытында байланыс арналарын қолға түсіру нәтижесінде өзге тұлғаларға мәлім болса;

9.3.3. егер  Қатысушының дербес деректері туралы ақпарат Қатысушы дербес деректерді сақтау және пайдалану шарттарын сақтамау нәтижесінде өзге тұлғаларға мәлім болса;

9.3.4. Қатысушыда Шарт бойынша Жоба үйлестірушісімен өзара әрекет етуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарына қолжеткізудің уақытша болмауы үшін, сонымен бірге осымен байланысты Қатысушының шығындары үшін;

9.3.5. Қатысушы кастингке өтінімді бұрыс толтыруы нәтижесінде пайда болған шығындары үшін;

9.3.6. Қатысушы хабарламаларды жіберу үшін рас емес, қате, бұрыс деректерін ұсыну нәтижесінде пайда болған шығындары үшін;

9.3.7. Қатысушы рас емес сәйкестендіру деректерін ұсыну нәтижесінде пайда болған шығындары үшін;

9.3.8. Қатысушы хабарламаларды жіберуге арналған деректерін жаңартпау нәтижесінде пайда болған шығындары үшін.

9.4. Тараптар, егер ол еңсерілмейтін күш салдарынан туындаса, яғни төтенше және жол бермеуге болмайтын мән-жайлардан, соның ішінде табиғи құбылыстардан, әскери әрекеттерден, билік органдарының актілерінен болса, Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде, Тарап міндеттемелерін орындаудың мүмкін еместігі туралы 5 (бес) жұмыс күн ішінде басқа Тарапқа жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

9.5. Жоба үйлестірушілері кастинг қатысушысымен өз өтінімінде көрсетілген рас емес және/немесе қате ақпарат үшін жауапкершілікті көтермейді. Қате деректер үшін барлық жауапкершілікті қатысушының өзі көтереді.

9.6. Кастинг қатысушыларына қатысушының талантын көрсетуге қатысы жоқ контентті (СПАМ) Жоба үйлестірушілерінің мекен-жайына жіберуге қатаң тыйым салынады. Осы тармақты бұзған жағдайда қатысушы бұғатталады және Конкурс кастингіне қатысуға жіберілмейді.

9.7. Қатысушы Жоба үйлестірушілеріне 18+, порнографиялық сипаттағы, дене және/немесе моральдық зиян келтіруді көрсететін, лаңкестікті насихаттайтын, саяси, діни сипаттағы, компания брендіне зиян келтіретін, коммерциялық және/немесе өзге құпия болып табылатын контентті жіберген жағдайда, сонымен бірге заңды және т.б. кез келген басқа бұзу жағдайында – Жоба үйлестірушілері қатысушының байланыс деректерін құқық қорғау органдарына беру құқығын өзіне қалдырады.

 

10. Төлем

10.1. Тараптар кастингке қатысу тегін болып табылатынымен келіседі.

10.2. Тараптар Қатысушылардың Конкурсқа кастингке өзінің қатысуын төлемейтінімен, ал Жоба үйлестірушілері Қатысушыларға Конкурс кастингіне өтінімдерді бергені/қатысқаны үшін төлемейтінімен келісті.

 

11. Өзге ережелер

11.1. Қатысушы Шарттың барлық талаптары оған түсінікті екеніне және ол оларды сөзсіз және толық көлемде қабылдайтынына кепілдік береді.

11.2. Қатысушы Конкурс кастингін құқыққа қарсы мақсаттарда, сонымен бірге Шартта аталғандардан басқа мақсаттарда пайдаланбайтынына кепілдік береді.

11.3. Егер уақытты анықтаудың өзге тәртібі қосымша ескертілмесе, Конкурс кастингінің барысы туралы ақпаратты өндейтін Жоба үйлестірушісінің сервері деректері негізінде анықталатын, Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қ. уақыты Қатысушымен барлық операцияларды жасау уақыты болып табылады.

11.4. Шарт шегінде Тараптардың қатынастарына Қатысушының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне тәуелсіз Қазақстан Республикасының материалдық және процестік құқығы қолданылады.

 

12. Жоба үйлестірушісінің деректемелері

 

Толық атауы Товарищество с ограниченной ответственностью "Telemasters.kz"

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік Регистрирующий орган: Управление юстиции Медеуского района Департамента юстиции города Алматы

 

Дата регистрации: 23 декабря 2015 года

БСН 151240019228

Заңды мекен-жайы 050051, Республика Казахстан, г. Алматы, пр. Абылай хана, д.141, каб.312

Электронды пошта мекен-жайы smm@telemasters.kz